Қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC ұйымындағы екінші кездесуінде қарсыласын қылқындырып тастады

Сурет: UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (13-0) UFC Vegas 30 турнирінде өнер көрсетіп, бразилиялық Мишель Празересті (26-3) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұл айқас Лас-Вегас қаласында өтіп, 26 жастағы отандасымыздың пайдасына аяқталды. 

Бірінші раундта Рахмонов қарсыласын бақылап, әлсіз тұстарын анықтады. Алғашқы раунд барысында қазақстандық спортшы бір тейкдаун жасап, раундты өз пайдасына аяқтады. 

Ал екінші раундты Шавкат өте белсенді бастап, қарсыласын қылқындырып тасады. Осылайша отандасымыз UFC ұйымындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті. 

Жалпы бұл Рахмоновтың аралас жекпе-жектегі 14-ші жеңісі. Ол әлі жеңілген жоқ. 

Еске салайық, Шавкат Рахманов UFC ұйымында өткен жылы қазан айында бірінші кездесуін өткізіп, бразилиялық Алекс Оливейраны 22-9-1-2) жеңген еді. 

 

Метки:
Показать комментарии