Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы жекелей сында жартылай финалға жолдама алды.
Ширек финалда қазақстандық спортшы Қытай өкілі Лань Минхаоны 15:7 есебімен жеңді.
Бұған дейін 1/8 финалда Проходов Қытай Тайбэйінің өкілі Илу Гастон Гийемоны тартысты кездесуде 15:14 есебімен ұтқан еді.
Осылайша Кирилл Проходов 1/2 финалға шығып, кемінде қола жүлдеге жетіп отыр.
Жарнама