UFC
Бүгін 09:19
 

Қазақстандық екі дүркін әлем чемпионы Азиада жүлдесіне жетті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық екі дүркін әлем чемпионы Азиада жүлдесіне жетті ©Сали Сабиров/ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

51 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда ол Жапония боксшысы Юна Нисинакамен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге кепілді түрде иеленіп отыр.

Айта кетейік, Алуа Балқыбекова - 2025 жылғы World Boxing және IBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы, сондай-ақ Азияның екі дүркін чемпионы (2021, 2022).

Бүгін Қазақстан құрамасынан тағы мына боксшылар өнер көрсетеді:

09:45. 75 келі. Наталья Богданова - Азиза Зокирова (Өзбекстан);

10:00. 70 келі. Төрехан Сабырхан - Али Касим Хамдан Аль-Саррай (Ирак);

14:00. 55 келі. Махмұт Сабырхан - Джэён Син (Оңтүстік Корея);

15:00. 90 келі. Нұрбек Оралбай - Тұрабек Хабибуллаев (Өзбекстан).

Айти және Нагояда өтіп жатқан бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!