28 жастағы Қазақстан жерінде дүниеге келген Рафаэль "Атаман" Физиев (10-1) UFC ұйымындағы бесінші кездесуін өткізді. Жекпе-жек Хьюстон (Техас штаты, АҚШ) қаласында UFC 265 турнирінде өтті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Жеңіл салмақта Қырғызстан атынан шығатын Физиев 34 жастағы америкалық Бобби Гринмен (27-12-1) кездесті. Айқастың қорытындысы бойынша Рафаэль 30-27, 29-28, 29-28 есебімен жеңіске жетті.
Бұл Физиев үшін аралас жекпе-жектегі оныншы жеңісі. Сондай-ақ ол төртінші кездесуінде қатарынан жеңіске жетті. Ол өз карьерасында жалғыз жеңілісін 2019 жылы сәуірде UFC ұйымындағы бірінші кездесуде Магомед Мустафаевтан (14-3) тапты.
Ал Грин болса қатарынан екінші рет жеңілді. Төрешілердің шешімі шыққан соң америкалық спортшы қазылардың шешімімен келіспейтінін білдірді.
Айта кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келген Физиевтің бұрышында қазақстандық Саят Әбдірахманов болды. Ол қырғыз спортшысыз менеджері қызметін атқарады.