Қазақстанның тумасы Рафаэль Физиев UFC-дің бұрынғы чемпионын жеңгені үшін ұйымнан қосымша сыйақы алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Физиев Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы UFC Vegas 58 турнирінде бразилиялық Рафаэль Дос Аньосты бесінші раунда нокаутпен жеңді. Бұл жеңісі үшін Әзірбайжан намысын қорғап шыққан Қазақстан тумасы UFC атынан "кештің үздік өнер көрсеткен" файтеріне берілетін 50 мың доллар сыйақы алды.
Айта кетейік, бұл кездесуде Физиев UFC-дегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді.