Қазақстан тумасы төртінші жеңісінен кейін Нурмагомедовті сынға алды

Сурет: UFC

Жамбыл облысы Қордай ауданында дүниеге келіп, қазіргі уақытта UFC ұйымында Қырғызстан атынан шығатын Рафаэль "Атаман" Физиев (10-1) ұйымның бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачевтің жекпе-жек өткізу стилін сынап тастады. 

"Мен ешқашан Хабибтің жанкүйері болған емеспін. Өйткені біздің жекпе-жекті өткізу мәнеріміз әртүрлі. Мен қолмен көп соққы жасаймын. Ол - балуан. Партерде көп жұмыс істейді. Оның күресі расында мықты. Тіпті оның күресімен кез келген қарсыласты жеңуге болады. Бірақ мен ондай стильді ұнатмаймын. Мысалы Ислам Махачев пен Дрю Добердің айқасын қараңыз. Үш раундта ешқандай шоу болмады. Тек партерде. Иә, Ислам мерзімінен бұрын жеңді. Бірақ іш пыстыратын кездесу болды", - деп келтіреді Физиевтің сөзін BJPenn. 

Айта кетейік, 7 тамыз күні Физиев UFC 265 турнирінде өнер көрсетіп, америкалық Бобби Гринді ұпаймен жеңді. Бұл оның осы ұйымдағы қатарынан төртінші жеңісі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: