UFC
31 қазан 13:25

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия ойындарында тарихи нәтижеге қол жеткізді

©Арлан Олжабай

Бахрейннің Манама қаласында 22–31 қазан аралығында өткен 2025 жылғы Жасөспірімдер Азия ойындары өз мәресіне жетті. Бұл Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтиже болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жас спортшыларымыз жалпы саны 93 медаль (24 алтын, 29 күміс, 40 қола) жеңіп алды. 2009 жылы Сингапурде 4 алтын, 6 күміс, 4 қола алса, 2013 жылы Қытайдағы Азия ойындарын 1 алтын, 4 күміс, 8 қола жүлдемен аяқтаған еді.

Биыл төмендегі спорт түрлерінен отандастарымыз үздік нәтиже көрсетті:

1. Бокс: 5 алтын, 3 күміс, 2 қола — барлығы 10 медаль
2. Дзюдо: 4 алтын, 5 күміс, 5 қола — 14 медаль
3. Ауыр атлетика: 3 алтын, 4 күміс, 2 қола — 9 медаль
4. ММА: 2 алтын, 3 күміс, 4 қола — 9 медаль
5. Таеквондо: 2 алтын, 2 күміс, 1 қола — 5 медаль
6. Велоспорт: 2 алтын, 1 күміс — 3 медаль
7. Джиу-джитсу: 1 алтын, 5 күміс, 4 қола — 10 медаль
8. Жеңіл атлетика: 1 алтын, 2 күміс, 7 қола — 10 медаль
9. Еркін және әйелдер күресі: 1 алтын, 2 күміс, 6 қола — 9 медаль
10. Жүзу: 1 алтын, 1 күміс, 2 қола — 4 медаль
11. Муай-тай: 1 алтын, 0 күміс, 4 қола — 5 медаль
12. Бич волейбол: 1 алтын, 0 күміс, 1 қола — 2 медаль
13. Триатлон: 0 алтын, 1 күміс — 1 медаль
14. Пенчак силат: 0 алтын, 0 күміс, 1 қола — 1 медаль
15. Гандбол: 0 алтын, 0 күміс, 1 қола — 1 медаль

Өкінішке қарай, баскетбол 3x3, бадминтон, гольф, үстел теннисі және киберспорт бойынша қазақстандық спортшылар үздік үштікке ене алмады.

Дегенмен бұл нәтижемен Қазақстан Жасөспірімдер Азия ойындарының тарихындағы ең сәтті көрсеткішін тіркеді. Еліміздің жас спортшылары 14 түрлі спорттан жүлде жеңіп, жаңа рекорд орнатты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport