UFC
27 қазан 11:48

Қазақстан биіктікке секіруден екі медаль жеңіп алды

©Сали Сабиров

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында биіктікке секіруден қыздар арасында үздіктер анықталды.

Қазақстандық жеңіл атлеттер екі бірдей жүлдеге қол жеткізді.

Ольга Изюмникова мен Милена Мерц қола медаль иегерлері атанды. Екі спортшы да ең үздік секіруінде 1.65 метр нәтижесін көрсетті.

Алтын медальді Кувейт спортшысы Ясмин Рой жеңіп алды - 1.73 метр. Тайбэйлік Чао-Тин Чен 1.69 метр нәтижемен екінші орынға табан тіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport