Қазақстан әйелдер құрамасы баскетболдан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Топтық кезеңдегі соңғы кездесуінде ұлттық құрама Гонконг командасымен кездесті.
Қазақстандық баскетболшылар 80:77 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Қазақстан құрамасы топтық кезеңді бір жеңіс және екі жеңіліспен аяқтады. Бұған дейін команда Филиппиннен 58:86 есебімен, ал Жапониядан 23:88 есебімен жеңілген еді.
Жарнама