UFC
Бүгін 15:58
 

Қазақстан 2026 жылғы Азия ойндарының 60-шы жүлдесін жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан 2026 жылғы Азия ойндарының 60-шы жүлдесін жеңіп алды ©Сали Сабиров/ ҚР ҰОК

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Жібек Құлымбетова Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

blog.share

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Жібек Құлымбетова Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Қола медаль үшін өткен белдесуде ол оңтүстіккореялық Хуивон Чонмен кездесті. Тартысты белдесу 2:2 есебімен аяқталды. Қосымша көрсеткіштер бойынша басым түскен Жібек Құлымбетова жеңіске жетіп, қола иеленді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан күміс жеңіп алған еді. Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды.

Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 60 жүлде бар. Оның ішінде 9 алтын, 17 күміс және 34 қола жүлде бар. Команда медальдар кестесінде тоғызыншы орында келеді. Қазақстаннан жоғары тұрған құрамалар қатарында Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Таиланд, Иран, Бахрейн және Үндістан бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!