UFC
28 қазан 16:44

Қазақ-өзбек қыздары арасындағы жекпе жекте үш рет нокдаун тіркелді

©Арлан Олжабай

Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер Азия ойындарында қазақстандық боксшы Аяулым Оспанова финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Өзбекстан өкілі Улболсын Жалғасбаевамен кездесіп, сенімді жеңіске жетті. Кездесу барысында үш нокдаун тіркелді.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан тағы бір боксшы – Елнура Қонырат (+80 кг) финалға шықты. Ол жартылай финалда ирандық Фатима Растигармехженабадиді жеңді.

Ал 54 келі салмақтағы тағы бір қазақстандық спортшы Рамина Маханова жартылай финалда үндістандық Чандрика Пуджариден жеңіліп, жасөспірімдер Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport