Қазақ файтері UFC рейтингінде МакГрегордың алдына түсті

©UFC

Қазақ файтер Дамир Исмағұлов UFC рейтингінде бір саты жоғары көтерілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қазақ файтері жаңартылған рейтингте 11-орынға жайғасқан. Осылайша, Исмағұлов Конор МакГрегордың алдына жайғасты. Ирландиялық тізімде 12-орында тұр. 

Жеңіл салмақ рейтингтің көшін Чарльз Оливейра бастап тұр. Үздік үштіктің қатарында Дастин Порье мен Джастин Гэджи бар. 

Айта кетейік, Исмағұлов өзінің келесі кездесуін ресейлік Арман Царукянға қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек 17 желтоқсан күні Лас-Вегаста UFC Vegas 66 турнирінде өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport