Ресей намысын қорғайтын қазақ файтері Дамир Исмағұлов UFC ұйымындағы бесінші жеңісінен кейін күтпеген мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Швеция намысын қорғайтын грузиялық Гурам Кутателадзені жеңгеннен кейін Исмағұлов UFC ұйымында жаңа патшаның пайда болғанын айтты.
"UFC, мен үлкен кездесулерге дайынмын! Топ-15. Бұл орманда жаңа патша пайда болды. Енді бұл жерді қазақ басқарады. Қазақ.
Мен UFC ережесін білемін. Әрбір кездесуімді нокаутпен аяқтауға тырысамын. Соққы көп жасаймын. Жақсы күресе де аламын. Бірақ мен тек мықтыларды жеңгім келеді. Шоу көрсетуді қалаймын. UFC, бұл сіздер үшін. Қазақ сіздер үшін келді. Шоу көрсетуге келді", - деді Исмағұлов.
Еске салайық, Исмағұлов Кутателадзені үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңді. Бұл кездесудің видеосын мына жерден көре аласыздар.