Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
65 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда ол Қытай боксшысы Шу Лиге 0:4 есебімен есе жіберді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі) және Сабыржан Аққалықов (80 келі) бірінші жекпе-жектерінде жеңіліп қалған еді.