Жылдың басты тосынсыйы! UFC чемпионы Аманда Нуньес алғаш рет жеңілді

12 желтоқсан 2021 16:15
©UFC

Екі салмақ бойынша UFC чемпионы Аманда Нуньес Лас-Вегас қаласында өткен UFC 269 турнирінде күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

33 жастағы бразилиялық спортшы бұл турнирде жеңіл салмақта чемпиондық белбеуін қорғады. Осы айқасқа дейін ол қатарынан 12 мәрте жеңіске жеткен болатын. Бірақ Невада штатында ол карьерасында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты. 

Аманда жоғарыда аталған турнирде 32 жастағы америкалық Джулианна Пеньямен кездесіп, жеңіліс тапты. Нуньестің бұл жеңілісін мамандар жылдың басты апсеті деп те атауда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: