Жалғас Жұмағұловтың UFC ұйымындағы төртінші қарсыласы белгілі болды

23 қараша 2021 13:42
©UFC

Ultimate Fighting Championship қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың алдағы жекпе-жегіне қатысты ақпараттарды жария етті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Жако" UFC Vegas 44 турнирінде октагонға оралады! 5 желтоқсанда Жалғас Манель Капемен кездеседі", – деп жазды аталған ұйымның ресейлік парақшасы.

Анголалық спортшы Манель Капе UFC аясында 3 жекпе-жекке шығып, 1 мәрте жеңіп, 2 рет жеңілген. Кейінгі айқасын 7 тамызда Хьюстондағы (Техас, АҚШ) UFC 265 турнирінде өткізіп, ямайкалық Оде Осборнды бірінші раундта нокаутқа түсірген.

Жалғас Жұмағұловтың да UFC-де 1 жеңіс, 2 жеңілісі бар. 33 жастағы файтер кейінгі жекпе-жегін 10 шілдеде Лас-Вегастағы UFC 264 турнирінде өткізген. Сол кездесуде америкалық Джером Ривераны екінші раундта сабмишн әдісімен жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: