Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы алғашқы жеңісіне қатысты пікір білдірді

Сурет: UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов осы ұйымдағы алғашқы жеңісіне қатысты пікірімен бөлісті, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Лас-Вегас қаласында өткен UFC 264 турнирінде Жұмағұлов америкалық Джером Риверамен  (10-6) кездесіп, бірінші раундта қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. 

"Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бірінші кездесуім сәтсіз болған еді. Екінші кездесуім де дәл солай болды. Сол үшін өз елімді жеңіспен қуантқым келді. Менің отандастарым ұйықтап жатқан жоқ. Мен оны білемін. Барлығы осы кездесуді күтті. Мен бүгін отандастарым үшін төбелесіп, жеңіске жеттім. Осы кездесуге ұзақ дайындалдым. Бапкерлерім қарсыласты толық зерттеді. Біз оны не құлатып, не сабмишнмен жеңеміз деген жоспар құрдық. Жоспар ойдағыдай болды", - деді Жұмағұлов жекпе-жектен кейін. 

Айта кетейік, Жұмағұлов UFC ұйымындағы үшінші кездесуін өткізді. Бұған дейін ол осы ұйымдағы бірінші кездесуде бразилиялық Раулиан Пайвадан, кейін швециялық Амир Альбазиден жеңіліп қалған болатын. 

 

 



Метки: