Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қашан оралатыны туралы мәлімдеме жасады

3 қаңтар 2022 14:01
©UFC

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымына қашан оралатыны туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыз жаттығу жұмыстарына кірісіп кеткен. Ол өзінің Instagram парақшасында stories-ке жаттығуынан үзінді салды. 

"Иншаллах, жуырда қайта ораламын", - деп жазды Жұмағұлов. 

Еске салайық, Жұмағұлов соңғы кездесуін Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC Vegas 44 турнирінде өткізіп, анголалық Манель Капеден жеңіліп қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: