Исмағұлов UFC-дегі келесі кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады

©UFC

Ресей намысын қорғайтын қазақ файтері UFC ұйымында үздік ондықтың қатарына қосыларға дейін бір кездесу өткізіп алмақшы, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ файтері мұндай мәлімдемені Instagram парақшасында жасады. 

Еске салайық, осыған дейін Исмаұлов Абу-Даби қаласында өтетін UFC 280 турнирінде өнер көрсетуге тас-түйін дайын екенін айтты. 

"Үздік ондықтағы қарсыласпен кездесу өткізерден бұрын, жеңілдеу айқасқа шығып алуды жөн көрдім. Бұл үшін Топурия ыңғайлы үміткер болатын еді. Қалай ойлайсыздар, біраз шулатып жібереміз бе?", - деді файтер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport