Интернет-журнал vRINGe.com қазақ файтер Дамир Исмағұловтың UFC ұйымында Ресей намысын қорғайтын армениялық Арман Царукянға қарсы кездесуіне қатысты материал дайындапты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Бейресми ақпарат бойынша, 17 желтоқсан күні Лас-Вегас қаласында өтетін UFC турнирінің басты айқасында орта салмақтағы америкалық Джаред Каннонье мен Шон Стрикленд кездеседі. Бұл жекпе-жек кардында жеңіл салмақта Арман Царукян (18-3) мен Дамир Исмағұлов (24-1) жолығады.
Царукян соңғы бес кездесуінде жеңіске жетіп келе жатыр еді. Бірақ ол маусымда польшалық Матеуш Шамроттан жеңілді. Осылайша, қазір Арманның UFC ұйымындағы рекорды - 5-2 болды.
Ал Исмағұлов UFC ұйымында қарсылас шақ келтіріп жатқан жоқ. Ол бес кездесуінің барлығында да жеңіске жетті. 2022 жылы ол бір кездесу өткізді. Маусым айында ол төрешілер шешімі бойынша Гурам Кутателадзеден үстем болды", - делінген мақалада.
Айта кетейік, Царукян дәл қазір UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде 10-орында, ал Исмағұлов 12-орынға жайғасқан. Екі файтердің де менеджері Саят Әбдірахманов.