Лас-Вегаста өткен UFC 317 турнирінің басты жекпе-жегінде Илия Топурия (17-0) Чарльз Оливейраны (35-11) бірінші раундта-ақ сұлатып түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек алғашқы раундта аяқталды. Топурия қарсыласын нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Жеңіліп көрмеген Топурия үшін бұл – 17-ші жеңіс. Ал Оливейра өзінің 11-ші жеңілісін тіркеді, оның еншісінде 35 жеңіс бар.
ILIA TOPURIA JUST KNOCKED OUT CHARLES OLIVEIRA IN ROUND 1!!!
— Championship Rounds (@ChampRDS) June 29, 2025
AND NEWWWW!!! #UFC317 pic.twitter.com/bmrNSrucPo
Айта кетейік, Топурия бұған дейін UFC ұйымында жартылай жеңіл салмақ дәрежесінің чемпионы болған.
Жарнама