АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен UFC 268 турнирі аясында америкалық Джастин Гэтжи өз отандасы Майкл Чендлерді жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Madison Square Garden аренасында өткен кездесу үш раундқа ғана созылып, төрешілер шешімімен Гэтжидің пайдасына шешілді.
Қоса кетейік, Гэтжи үшін бұл Хабиб Нұрмагомедовтен жеңілгеннен кейінгі өткізген алғашқы жекпе-жегі. Хабиб өз кезегінде сол кездесуден кейін спорттық мансабын аяқтаған еді.