auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Хабибтан асып түсті". USA Today тілшісі Рахмоновты UFC-дің болашақ жұлдызы болатынын айтты

"Хабибтан асып түсті". USA Today тілшісі Рахмоновты UFC-дің болашақ жұлдызы болатынын айтты
Сурет: UFC

USA Today Sports порталының тілшісі Нолан Кинг Шавкат Рахмоновты (13-0) UFC ұйымындағы жартылай орта салмақтың болашақ жұлдызы деді. Ол Vesti.kz порталы берген сұқбатында қазақстандық  спортшының бразилиялық Мишель Празереспен (26-3) жекпе-жегі туралы ой бөлісіп, ұйымдағы ең танымал спортшы Хабиб Нурмагомедовпен деңгейі бірдей екенін айтты. 

"Рахмонов - әмбебап әрі қарапайым спортшы. Оны көпшілік Хабибпен салыстырып жатады. Бірақ менің ойымша, қазақстандық Нурмагомедовтен асып кетті. Ол тәжірибелі екі қарсыласқа қарсы кездесу өткізіп, екеуін де мерзімінен бұрын жеңді. Хабиб болса екінші кездесуінде төрешілердің шешімі бойынша жеңген еді. 

Шавкат - үлкен жетістікке жетеді деп ойлаймын. Жақында ол осы салмақтың мықты спортшыларына қарсы кездесу өткізеді. Екі кездесуден кейін ғана Рахмонов жанкүйердің назарын өзіне аударды. Көрермен енді оның мықты спортшыларға қарсы шыққанын қалайды. Менің ойымша, ол промоушеннің жаңа жұлдызы", - деді Кинг. 

Еске салайық, Рахмонов промоушенде екінші кездесуін өткізді. Ол айқас Лас-Вегас қаласында UFC Vegas 30 турнирінде өтті. Қазақстандық екінші раундта Празересті қылқындыру әдісімен жеңді. 

Ал Хабиб Нурмагомедов болса UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы. Ресейлік 2020 жылы Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін карьерасын аяқтайтынын айтты. Жалпы ол аралас жекпе-жекте 29 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама