Хабиб Нурмагомедов UFC құрмет залына ресми кірді

©instagram.com/ufcrussia

Жеңіл салмақта UFC чемпионы болған, қазіргі уақытта Eagle FC промоушенінің президенті 33 жастағы ресейлік Хабиб Нурмагомедов ресми түрде UFC ұйымының құрмет залына кірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Негізі Хабиб Нурмагомедов UFC-дің құрмет залына 2022 жылдың наурызында UFC 272 турнирі алдында кірген болатын. Бүгін осыған орай Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында ресми шара өтті. 

Айта кетейік, Нурмагомедов карьерасындағы соңғы кездесуін 2020 жылдың қазан айында өткізді. UFC 254 турнирінде ол америкалық Джастин Гэтжимен жолығып, қарсыласын қылқындырып тастады. Осы айқастан кейін ол карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады. Жалпы Хабиб аралас жекпе-жекте 29 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport