Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов коронавирус жұқтырып алды, деп жазады Asian MMA.
Дереккөздің ақпараты бойынша, 33 жастағы Нурмагомедов Сингапурдегі қонақ үйлердің бірінде оқшауланған.
Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов 2020 жылы қазан айында Джастин Гэтжиді жеңіп, карьерасын аяқтаған болатын. Ол аралас жекпе-жекте жалпы 29 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.