Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жектегі ең бай спортшылардың қатарына қосылды

Сурет: UFC

Жеңіл салмақтағы UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жек тарихындағы ең бай спортшылар арасында екінші орынға жайғасты. Бұл рейтингті South China Morning Post басылымы жасаған. 

Бұл басылымның есебі бойынша, Нурмагомедовтің еншісінде 40 миллион доллар бар екен. Ал бірінші орында Конор МакГрегор тұр. Оның есепшотында 400 миллион доллар бар. 

Үшінші және бесінші орын арасына екі салмақ бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Жорж Сен-Пьер ($ 30 млн), осы ұйымның аса ауыр салмақтағы экс-чемпионы Брок Леснар ($ 25 млн) және Би Джей Пенн ($ 22 млн) жайғасқан. 

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов 2020 жылы UFC 254 турнирінде америкалық Джастин Гэтжиді жеңіп, карьерасын аяқтағанын хабарлады. Жалпы 32 жастағы ресейлік аралас жекпе-жекте 29 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Ал UFC ұйымында ол 13 айқасқа шығып, оның барлығында қарсыластарынан үстем түсті. 

 

Метки: