Геннадий Головкин UFC ұйымының жаңа чемпионын жеңіспен құттықтады

©UFC

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин Карло Эспарзаны жеңісімен құттықтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бүгін, 8 мамыр күні америкалық файтер Финикс (Аризона штаты, АҚШ) қаласында өткен UFC 274  турнирінде жекпе-жек өткізді. Оның қарсыласы жеңіл салмақта UFC чемпионы америкалық Розу Намаюнас болды. 

Бұл кездесуде Эспарза төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуді иеленді. 

"Құттықтаймын, Карла", - деп жазды GGG твиттер парақшасында. 

Еске салайық, UFC 274 турнирінің басты кездесуінде Оливейра қылқындыру әдісімен Гэтжиден айласын асырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport