Дональд Трамп Жалғас Жұмағұлов өнер көрсететін UFC турнирін тамашалауға барады

Сурет: UFC

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қазақстандық Жалғас Жұмағұлов өнер көрсететін UFC 264 турнирін тамашалауға келетін болды. Бұл туралы америкалық тілші Аарон Бронстетер твиттер парақшасында жазды. 

Бұл турнир 11 шілде Лас-Вегаста өтеді. Кездесудің басты айқасында Конор Макгрегор мен Дастин Порье жұдырықтасады. Ал Жұмағұлов болса америкалық Джером Риверамен жекпе-жек өткізеді. 

Сонымен қатар, бұл жекпе-жектерді әзілкеш Дейв Шаппелла, актер Мэл Гибсон, танымал әншілер Джастин Бибер, NBA чемпионы Кевин Дюрант және таныман актриса Меган Фокс тамашалауға келеді.

Метки: