UFC
Бүгін 09:01
 

Джалоловтың ізбасары Азиадада қарсыласын тас-талқан қылды

  Пікірлер

blog.share

Джалоловтың ізбасары Азиадада қарсыласын тас-талқан қылды ©Olamsport.com

Өзбекстандық боксшы Жахонгир Зокиров 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалында қарсыласын таза жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Өзбекстандық боксшы Жахонгир Зокиров 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалында қарсыласын таза жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Зокиров жарыстың кемі қола жүлдесіне ілігіп отыр 

90 келіден жоғары салмақтағы ширек финалдық жекпе-жекте Зокиров Тәжікстан боксшысы Мұхаммад Аброриддиновпен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, өзбекстандық аса ауыр салмақтағы боксшы турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кепілді түрде Азия ойындарының қола жүлдесін иеленіп тұр. Ал Аброриддинов 2026 жылғы Азия ойындарындағы өнерін жүлдесіз аяқтады.

Зокиров - әлем чемпионатының жүлдегері

Зокиров - 2025 жылғы World Boxing өткізген әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ ол 2021 жылы жастар арасындағы әлем чемпионы атанып, 2022 жылы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жеңіске жеткен.

XX жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатыр. Бокс жарыстары 2 қазанға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!