UFC ұйымында өнер көрсететін қазақ файтер Дамир Исмағұлов келесі кездесуіне қатысты қысқа ғана мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Исмағұлов келесі кездесуін 18 желтоқсан күні Лас-Вегаста болатын UFC турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы шыққан тегі армениялық, бірақ Ресей намысын қорғайтын Арман Царуканян болады.
"Жұмыс істейтін уақыт", - деп жазба қалдырды Исмағұлов Instagram парашасында.
Айта кетейік, жеңіл салмақта UFC ұйымының рейтингінде 12-сатыда тұрған Исмағұлов бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Царукян болса оныншы сатыда. Ол UFC-де жеті кездесудің бесеуінде ұтқан.