"Бұл жігіт біразын тентіретеді". UFC-дің бұрынғы чемпионы Физиев жайлы

©instagram.com/ufcrussia

Екі салмақ бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы америкалық Генри Сехудо бразилиялық Рафаэль Дос Аньосты жеңген Қазақстанның тумасы Рафаэль Физиев туралы ойын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Физиев өте қауіпті файтер. Соққысы жақсы қойылған. Физикалық дайындығы мықты, қорғанысы мен тейкдаундары жақсы. Бұл жігіт әлі жеңіл салмақта біраз қарсыласын тентіретеді", - деп жазды Сехудо твиттер парақшасында. 

Еске салайық, Физиев бүгін Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы UFC Vegas 58 турнирінде Дос Аньосты бесінші раундта нокаутпен жеңді. Осылайша, Әзірбайжан намысын қорғап шыққан файтер UFC ұйымында алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport