UFC
Бүгін 09:42

Бүгін Азиадада Төрехан Сабырхан жекпе-жекке шығады

©ҚБФ

Бүгін XX жазғы Азия ойындарындағы бокс турнирінде Қазақстанның екі боксшысы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әйелдер арасындағы жарыстың 1/8 финалында Алуа Балқыбекова үндістандық Сакшимен кездеседі. Ал ерлер арасында 1/8 финалда Төрехан Сабырхан рингке шығып, Катар боксшысы Мұхаммед Дбичимен жұдырықтасады.

Қазақстандық боксшылар үшін бұл Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жек болады. Сабырханның кездесуі Қазақстан уақытымен 09:45-ке, ал Балқыбекованың жекпе-жегі 13:45-ке жоспарланған.

Екі жекпе-жекті де Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Еске салайық, 2026 жылғы жазғы Азия ойындары 21 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport