Бразилиялық файтер Рахмоновпен өткізген жаттығулары туралы айтып берді

©twitter.com/MMAFighting

Жартылай орта салмақта UFC рейтингінде алтыншы сатыда тұрған АҚШ намысын қорғайтын бразилиялық файтер Висенте Люке қазақстандық Шавкат Рахмоновпен Sanford MMA залында өткізген жаттығулары туралы айтып берді. 

"Ол шынымен мықты спортшы. Мен онымен бірге жаттығу жасадым. Негізінен біз грэпплингпен көп айналыстық. Мен оның көптеген қарсыластарын көрдім. Олармен де бірнеше раундтық спаррингтер өткіздік. Бірақ әрқайсымыздың дайындығымыз әртүрлі болды. Менде жаттығу енді басталса, оның жекпе-жегіне бірнеше апта қалған еді", - деп келтіреді Люкенің сөзін Fight Wave порталы. 

Сонымен қатар, Люке алдағы уақытта UFC-де Рахмоновпен жолығып қалуы мүмкін екенін де айтты. 

"Бұдан қашып кете алмаймыз. Біз бір күні кездесіп қалуымыз мүмкін. Бірақ, мені ол уайымдатпайды. Мен алдағы уақытта кездесуім мүмкін деген жігіттермен жаттығу өткізуге қарсы емеспін", - деді бразилиялық. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport