Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан UFC-гі келесі жекпе-жегін қазан айында өткізеді деп күтілуде, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазан айында үш турнир өтеді:
UFC 320 – 4 қазанда Лас-Вегаста (АҚШ)
UFC Fight Night – 18 қазанда Ванкуверде (Канада)
UFC 321 – Абу-Даби (БАӘ)
"Спорт Шредингера" ақпараты бойынша, Бекзат Абу-Дабидегі турнирге қатысуы мүмкін. Бірақ бәрі UFC-ге байланысты.
Triumph Fight командасы мен Бекзат Алмахан тамыз айында Майамидегі American Top Team залында жаттығуға аттанады.
Айта кетейік, Бекзат аталған ұйымда екі жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіліп, біреуінде нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Жарнама