Бапкер Конор МакГрегордің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты

7 желтоқсан 2021 20:10
©UFC

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегордың бапкері Джон Кавана ирландиялық спортшының келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты. 

Еске салайық, МакГрегор шілде айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Ол соңғы айқасын америкалық Дастин Порьеге қарсы өткізіп, аяғын сындырып алды. 

"Нейт Диазпен үшінші кездесу көпшілік үшін қызық болары сөзсіз. Бұл жайында Конор да ойланды. 

Содан соң Тони Фергюсон мықты спортшы. Ол да ақша тарта алатын жігіт. Дегенмен Тони Конорға қарсы шығу үшін әлі өзін дәлелдеуі керек. 

Негізі бұл салмақта мықты жігіттер көп. Дэн Хукер бар. Ислам Махачев те мықты шығып келеді. Чарльз Оливейра мен Дастин Порьені тізімге қосуға болады. Қазір МакГрегор осы жігіттердің ішінен қарсылас қарастыруда. Нақты кім болатынын әлі белгісіз", - деді Кавана The MMA Hour басылымына берген сұқбатында. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: