Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан 2025 жылғы Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының ММА спортшылары Амелина Бакиева мен Санжар Картай алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Амелина Бакиева үнді спортшысы Шрия Сатамды мерзімінен бұрын жеңді.
Ал Санжар Картай финалда бахрейндік Султанахмед Султанахмедовтан басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт алтын медаль болды. Бұған дейін шосседегі велоспорттан команда және тхэквондошы Айым Серікбаева алғашқы алтындарды еншілеген болатын.
Қазір Қазақстан жалпыкомандалық есепте үздік бестікке көтерілді. Ел қоржынында 12 медаль бар: 4 алтын, 2 күміс және 7 қола.
Жарнама