Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында ширек финалға өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақта ол Оңтүстік Корея өкілі Дон Хван Чанмен кездесті.
Бірінші раунд кореялық боксшының пайдасына аяқталды - 3:2 . Екінші раундта төрешілер басымдықты толықтай Хванға беріп, есепті 5:0 деп бағалады. Үшінші раунд та кореялық боксшының пайдасына аяқталды - 4:1. Нәтижесінде Чан төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті, қорытынды есеп 4:1.
Еске салайық, бұған дейін Назым Қызайбай (54 келі) жарыстан шығып қалды. Қазақстандық боксшы 1/8 финалда Қытай өкілі Сюань Чжаодан жеңілген болатын.
Сондай-ақ 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Айбек Оралбайдың қарсыласы анықталды. Қазақстандық боксшы ширек финалда Қырғызстан боксшысы Мырзакир Қошалиевпен кездеседі.
Еске салайық, 2026 жылғы жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатыр және 4 қазанда аяқталады.