Бүгін Бакуде UFC тарихындағы маңызды турнир өтеді – бұл жарыс алғаш рет Әзербайжан аумағында ұйымдастырылмақ. Vesti.kz тілшісі жекпе-жектерді қайдан көруге болатыны жайлы ақпарат ұсынады.
Турнирдің алдын ала жекпе-жектері Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады, ал негізгі кард 00:00-де өтеді. Жалпы Бакуде өтетін турнир аясында 12 жекпе-жек жоспарланған (жекпе-жектер тізімі осы жерден табуға болады).
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кардтағы жалғыз қазақстандық – ең жеңіл салмақта өнер көрсететін Азат Мақсұм (15-1). Ол өз дивизионының мықты өкілдерінің бірі, Хабиб Нурмагомедов командасынан шыққан ресейлік Тагир Уланбековпен (16-2) кездеседі.
Олар турнир басталғаннан кейін екінші болып октагонға шығады, жекпе-жектің басталуы шамамен 21:30-ға (Қазақстан уақытымен) жоспарланған.
Бакудегі UFC турниріндегі барлық жекпе-жектердің тікелей трансляциясы мына платформаларда қолжетімді болады:
? Барлық 12 жекпе-жек толық көрсетіледі:
UFC Fight Pass ресми қосымшасында (жазылым арқылы);
Ресейлік "Матч ТВ" телеарнасында (тегін эфирде).
Уланбеков – Мақсұм жекпе-жегін көрудің тағы бір жолы:
"Матч! Боец" телеарнасы – тек прелимдер көрсетіледі (21:00–00:00), яғни бұл жекпе-жек эфирге шығады.
? Басқа трансляциялар (бірақ Уланбеков – Максум жекпе-жегі жоқ):
Setanta Sports қосымшасы (жазылым қажет) – трансляция прелимдердің үшінші жекпе-жегінен басталады (22:00);
Setanta Sports 2 телеарнасы – тек негізгі кард көрсетіледі (00:00 бастап);
"Кинопоиск" қосымшасының "Спорт" бөлімі (жазылым арқылы) – тек негізгі кард (00:00 бастап).
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске саламыз, Максум – Уланбеков жекпе-жегі шамамен 21:30‑да басталады, сондықтан оны тек UFC Fight Pass, "Матч ТВ" немесе "Матч! Боец" арқылы көруге болады.
Жарнама