UFC
25 қазан 21:08
 

Азат Мақсұмның жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

  Пікірлер

blog.share

Азат Мақсұмның жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды ©UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Максұм Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 321 турнирінде сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Максұм Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 321 турнирінде сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Алдын ала кардтағы жеңіл салмақтағы оның қарсыласы америкалық Митч Рапозо (9-3) болды. Кездесуге дейін Рапозо фаворит саналмаған еді.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек күтпеген жерден америкалық спортшының жеңісімен аяқталды — төрешілердің бірауызды шешімі бойынша (30-26, 29-27, 29-27) Рапозо жеңімпаз деп танылды.

Айта кетейік, бұл кездесу Азат Максұмның UFC-дегі бастапқы келісімшарты бойынша соңғы жекпе-жегі болды. Ал Рапозо үшін бұл жеңіс UFC-дегі алғашқысы, ол бұған дейін екі рет жеңілген болатын.

 


Азат Максұмның UFC-дегі нәтижесінде бір жеңіс (төрешілердің бөлек шешімімен) және үш жеңіліс (бірауызды шешіммен) бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!