Қазақстандық UFC файтері Азат Мақсұм (15-2, UFC: 1-2) алдағы UFC 321 турниріндегі жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінде шекті мөлшерден асып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресми өлшеу кезінде Мақсұмның салмағы 58,51 келі (129 фунт) болды — бұл белгіленген нормадан 1,36 келіге артық. Оның қарсыласы, америкалық Митч Рапосо (9-3, UFC: 0-2), рұқсат етілген шекте қалды — 56,93 келі (125,5 фунт).
Соған қарамастан, жекпе-жек өтеді, бірақ Мақсұм өз гонорарының 30 пайызын қарсыласына береді.
Еске салайық, UFC 321 турнирі 25 қазан, сенбі күні БАӘ астанасы Абу-Дабиде өтеді.
Азат Мақсұм UFC-де 2023 жылдың жазында дебют жасап, алғашқы жекпе-жегінде америкалық Тайсон Нэмді төрешілер шешімімен жеңіп, өзінің жеңіліссіз сериясын 15 жекпе-жекке дейін созған болатын.
Алайда кейінгі кездесулерде сәттілік серік болмады. Келесі айқаста ол үш рет қатарынан жеңілген Чарльз Джонсоннан ұтылып қалды.
15 айлық үзілістен кейін Мақсұм Хабиб Нурмагомедов командасының өкілі, ресейлік Тагир Уланбековке қарсы октагонға оралды. Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер бірауыздан жеңісті қарсыласына берді.
Жарнама