Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм елге оралды. Отандасымызды жанкүйерлер әуежайдан қарсы алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бакудегі UFC турнирінде өнер көрсеткен отандасымызды халық Алматыдағы әуежайдан зор қошеметпен күтті.
«Әлемде жанкүйер көп, бірақ қазақ жанкүйерлеріндей адал әрі шулы ешкім жоқ! Бірге – биікке! ??❤️», – деп жазды Азат әлеуметтік желіде.
Мақсұм Тагир Уланбековке төрешілердің шешімімен есе жіберген еді.
Жарнама