Қазақстандық спортшы Әліби Ыдырыс (10-0) TUF реалити шоуының бесінші сериясында өзбек Фуркатбек Екубовпен (15-4) шайқасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
UFC президенті Дана Уайт келіп тамашалаған жекпе-жекте отандасымыз төрешілердің біржақты шешімімен айқын жеңіске жетті.
30 жастағы Йокубов – кикбоксингтен әлем чемпионы және ол осы шоуда Чаел Сонненнің тәлімгері. Ал Әліби Ыдырыс UFC-дің бұрынғы екі салмақтағы чемпионы Даниель Кормьенің қол астында жаттығады.
Айта кетейік, "Қан мен тер" лақап атымен танымал Әліби Ыдырыс (10-0) Naiza ұйымының бұрынғы чемпионы. Ол осы жобаға қол жеткізген алғашқы қазақстандық жауынгер.
TUF жарысының жеңімпазы UFC-мен тікелей келісімшарт жасауға мүмкіндік алады.
Жарнама