Агапованың бұрынғы қарсыласы UFC файтерлері арасында бірінші болып Playboy журналына түсті

27 қыркүйек 2022 15:00
©instagram.com/maryna_moroz_ufc

Қазақстандық Мария Агапованың бұрынғы қарсыласы, UFC ұйымында жеңіл салмақта өнер көрсететін Марина Мороз танымал Playboy журанлы үшін ашық суретке түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Мороз UFC файтерлері арасында бірінші болып Playboy журналы үшін суретке түскен спортшы атанды. 

"UFC файтерлері арасында Playboy Centerfold журналына түскен бірінші спортшы болғанымды қуанышпен хабарлаймын. Мұндай танымал брендпен бірге жұмыс істейтін уақытты қатты күтіп отырмын. Енді бұл платформада менің эксклюзив контенттерім шығып отырады", - деп жазды Мороз Twitter парақшасында. 

Еске салайық, Мороз бен Агапова арасындағы айқас наурызда Лас-Вегас қаласында UFC 272 турнирінде өтті. Бұл кездесуде отандасымыз екінші раунда жеңіліп қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport