UFC
22 қараша 2021 12:34

17 нокауты бар қарсылас Шавкат Рахмоновпен кездесу өткізу үшін келісімшартқа қол қойды

©UFC

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін гайаналық спортшы Карлстон Харрис (17-4) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (14-0) UFC ұйымында кездесу өткізу үшін келісімшартқа қол қойды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл туралы файтердің өзі Instagram парақшасында мәлімдеді. "5 ақпан күні қазақстандық спортшыға қарсы жекпе-жектің келісімшартына қол қойғанымды қуана хабарлаймын. Шавкат Рахмонов, бастайық", - деп жазды Харрис. 

Sherdog ақпараты бойынша, 5 ақпан күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC Fight Night турнирі өтеді. 

Рахмонов үшін алдағы айқас UFC ұйымындағы үшінші кездесу болады. Бұған дейінгі екі жекпе-жекте қазақстандық спортшы жеңіске жеткен болатын. Алдымен ол Алекс Олейвейрадан үстем болса, кейін бразилиялық Мишель Празерестен айласын асырды. 

Ал Харрис болса UFC-де екі кездесу өткізіп, екеуінде де мерейі үстем болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport