dXyPeZoTIS8flM8amH4fzQu3y2aPXsHHsy6bEpRx
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Славиямен" тең ойын "Астана" үшін кері нәтиже - маман

"Славиямен" тең ойын "Астана" үшін кері нәтиже - маман
Қазақстандық танымал бапкер Асқар Қожабергенов "Астана" мен "Славия" ойыны жайлы өз ойымен бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әрине, біздің команда үшін бұл кері нәтиже. Ары қарай екінші орынға таласу үшін үш ұпай жинауға тырысу керек еді. Ойынды өте жаман бастады. Қорғаныста хаос болды. Оң жақтанда сол жақтанда кіріп жатты. Шеткі қорғаушылар өз жұмысын істей алмады. Ортадағы қорғаушылар да қатырғаны шамалы, дұрыс айтып отырмаған болса керек. Қарсыластар өз шабуылдарынан нәтиже шығара білгенде, "Астанада" мүмкіндік қалмас еді. "Астананың" да құраманың да бір ауруы бар, стандарттық орындаудан гол жіберу. Қайтадан содан опық жеді. 

Бізде іріктеу нашар және ережені көп бұзамыз. Әрбір стандарт біздің қақпаға қауіпті. Ана бір жерде біздің ойыншы ережені бұзбай-ақ қойса да болар еді. "Астананың" мықты ойыншылары бар емес пе? Кабананга, Логвиненко, Бейсебеков. Олар стандарт кезінде принципиалды әрекетке баруы керек еді. 

Екінші таймда "Астана" жақсы бастады. Басынан солай ойнаса барлығыда басқаша болар ма еді. Ойынды өз қақпасынан алшақ ұстады. "Славия" барынша тең нәтижені ұстауға тырысты. Олар шабуылдауды ойламады да. Сол себепті де астаналықтар жеңіске бір табан жақын болды. Бірақ ойында соңғы пас пен шабуылда агрессия болмады. Сол себепті де үш ұпай алу мүмкіндігінен айырылғанымызға өкініш білдіруден басқа ештеңе де келмейді. 

Келесі ойында, жағдайларды дұрыс пайдалана білу қажет. "Маккабиді" ірі есеппен мұрыннан қан кетсе де жеңу керек. Осы кезде ғана олардың топтан шығуға мүмкіндігі болады", - деді Қожабергенов. 

Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында "Астана" чехтің "Славия" командасымен тең ойнады. Матч Қазақстан елордасында өтті.

Есеп - 1:1. 18-ші минутта камерундық қорғаушы Майкл Нгадеу-Нгаджуи "Славияны" алға шығарған. Алайда алаң иелері бірінші таймның соңында, 43-ші минутта есепті теңестірді - хорват хавбегі Марин Томасов гол салды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар