Лига Европы
25 тамыз 2020 15:05

"Ордабасының" қақпашысы Еуропа лигасының бірінші кездесуіне қатыса алмайды

Сурет "Ордабасы" сайтынан алынды.
Шымкенттік "Ордабасы" командасының қақпашысы Владимир Плотников еуропа лигасының бірінші кезеңінде румыниялық "Ботошани" командасына қарсы кездесуге қатыса алмайды,-деп жазады KazFootball.kz.


2019 жылдың 1 тамызында Владимир "Қайрат" ойыншысы кезінде Еуропа лишасының матчында алаңнан қуылған болатын. Ол кезде алматылық команда Израильдің Беэр-Шава қаласының намысын қорғайтын "Хапоэль" клубына қарсы ойнаған. 

Қақпашы қызыл қағазды қосалқы құрамда отырып алған. УЕФА Плотниковты ол кезде екі матчқа шеттеткен. 

Енді "Ботошани" командасына қарсы кездесуде "Ордабасы" қақпасын Бехан Шайзада қорғайды. Бұл жас қақпашысы ел біріншілігіндегі соңғы екі кездесуде ойнады. 

Айта кетейік, "Ордабасы" мен "Ботошани" арасындағы кездесу 27 тамыз күні Шымкент қаласында өтеді. Кездесуді тікелей эфирде "Ел Арна" телеканалы көрсетеді.