"Ордабасы" клубының Еуропа лигасындағы матчын қайда өткізетіні белгілі болды

Сурет "Ордабасы" сайтынан алынды.
27 тамызда Қазақстанда "Ордабасы" мен Румыниялық "Ботошани" арасындағы Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің матчы өтеді.

Бұған дейін "Ботошанидің" бас бапкері Мариус Кроитору ойынды бейтарап алаңда өткізуге болатынын айтқан болатын.

"Жаңа ақпарат: ойын 27 тамызда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда көрермендерсіз өтеді және жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады", - деді "Ботошани" клубының ресми сайты.
Метки:
Жаңалықтар