Лига Европы
12 наурыз 2018 11:29
 
Киевтің "Динамо" клубы Еуропа лигасында "Лациомен" өткен кездесуде алаңнан қуылған футболшысын жазалады

  Пікірлер

blog.share

Киевтің "Динамо" клубы Еуропа лигасында "Лациомен" өткен кездесуде алаңнан қуылған футболшысын жазалады ©:football24.ua

Киевтің "Динамо" клубы Еуропа лигасының 1/8 финалында римдік "Лацио" (2:2) клубына қарсы кездесуде алаңнан қуылған жартылай қорғаушы Денис Гармашқа үлкен көлемде айыппұл салды. 

Бұл туралы "Великий футбол" бағдарламасының жүргізушісі Александр Денисов айтты. Жартылай қорғаушы қызыл қағазды ойыннан соң алды. 

Сондай-ақ Гармаш Украина біріншілігінде "Динамоның" "Верес" клубына (1:0) қарсы кездесуге қатысатые ойыншылардың қатарына қосылмады. 

"Морозюк алаңның жиегінде ойын ережесін бұзды. Ал Лукас болса допты он метр алға тастап, ойынға қосты. Содан соң бізге гол соғуға шақ қалды. Абырой болған доп бағанаға тиді. Мен тек бұл эпизодты көріп тұрған төрешіден мұны допты он метр алға тастап қостыруға мүмкіндік бергенін сұрағым келді. Бізде Украинада бірден ысқырып шалып, допты қайта орнына қояды. 

Мен тек осыны ғана сұрағым келді. Әріптестерім болса мені төреші ұрады деп ойлап, қасыма жүгіріп келді. Содан соң осындай жағдай болды. Кейін мен олармен сөйлестім - барлығы жақсы. 

Мұның барлығы эмоция. Мен барлығы ойлағандай дөрекі адам емеспін. Тек неге бұлай болғанын сұрағым келген. Себебі, ол кезде біз гол жіберуге шақ қалдық. Мен нәтиже үшін уайымдап отырдым. 

Әрине, жауапты кездесуде ойнағым келеді. Бірақ біз ары қарай өте аламыз деп сенемін. Қазір біздің мүмкіндігіміз де жақсы", - деп келтіреді Гармаштың сөзін "Футбол 24".

Айта кетейік, Еуропа лигасындағы "Динамо" мен "Лацио" арасындағы жауапты кездесу 15-наурыз күні Киевте өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!