"Қайсарға" Еуропа лигасы үшінші кезеңінде қарсылас атанатын команда анықталды

Сурет "Қайсар" сайтынан алынды.
Еуропа лигасында өнер көрсететін қызылордалық "Қайсар" командасының үшінші іріктеу кезеңінде қарсылас атанатын команда анықталды,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бүгін, 1 қыркүйек күні Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Оның қорытындысы бойынша "Қайсардың" үшінші кезеңдегі қарсыласы "Олимпия" (Любляна, Словения) - "Зриньски" (Мостар, Босния және Герцеговина) командалары арасындағы кездесудің жеңімпазы болады. Бұл матч 24-қыркүйекке жоспарланған. 

Бірақ ол үшін "Қайсар" екінші кезеңнен сүрінбей өтуі керек. Еске салайық, "Қайсар" Еуропа лигасын екінші турдан бастайды. 17 қыркүйек күні бұл команда АПОЭЛ ұжымымен кездеседі. 




Метки:
Жаңалықтар