Лига Европы
23 қыркүйек 2020 12:51

"Қайратқа" қарсы ойнаған "Маккаби" футболшысынан коронавирус анықталды

Сурет "Маккаби" сайтынан алынды.
Хайфа командасының намысын қорғайтын "Маккаби" футбол клубы әлеуметтік желісінде командадан коронавирустың шыққанын хабарлады. 

Коронавирус команданың нидерландылық шабуылшысы Яник Вилдсхуттан шығыпты. Ал қалған футболшылардан вирус анықталмаған. 

Айта кетейік, Вилдсхут Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында "Қайратпен" болғанда кездесуде 74-минут ойнаған болатын. Хайфа қаласында өткен бұл ойын 2:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. 

Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңі барысында бұл команда ресейлік "Ростов" ұжымымыен кездеседі. Ойын 24 қыркүйек күні Ростов-на-Дону қаласында өтеді.